Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды
Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды
332
оқылды
Қазақстандық актер Данияр Алшынов «Атбай шайқасы» фильмі үшін Нью-Йоркте өткен IMDb халықаралық байқауында «үздік драма актері» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Актер бұл жаңалықпен Instagram парақшасында бөлісті. «Жаңа жыл тағы бір халықаралық марапатпен басталды. Бұл жолы Нью-Йоркте, бұл жолы Атбай», – деп жазды. Ол фильм режиссері Әділхан Ержановқа, Ольга Хлащеваға, серіктестері Динара Бақытбаеваға, Нұрбек Мұқышевке, Санжар Мәдиге, Әсел Садуақасоваға алғыс айтты. Жыл сайын өтетін The best actor award-New York - IMDb халықаралық конкурсының мақсаты – таланттарды танып, үздік актерлерді марапаттау.

М.Төлеу