Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты
Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты
Осы аптада Индонезияны дүр сілкіндірген жер сілкінісі құрбандарының саны 56 адамға жетті. Дүлей апаттардың салдарын азайту агенттігі (BNPB) Индонезияның Батыс Сулавеси провинциясында болған екі жер сілкінісінен 42 адам қаза тапқанын хабарлаған еді. Reuters агенттігінің мәліметінше, бірінші жерасты дүмпуі – 6,2 балл, екіншісі – 5,9 балл. 6,2 балдық алғашқы жер сілкінісінен кейін 820-дан астам адам жарақат алып, 15 мыңға жуығы үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған. Зілзала эпицентрі – Сулавеси аралының батысындағы Мамуджу қаласының маңы.