Алматыда 2 тұрғын табиғи газдан уланып қайтыс болды
Алматыда 2 тұрғын табиғи газдан уланып қайтыс болды
131
оқылды
Алматыда табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйде екі адам уланып қайтыс болды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің  мәліметі бойынша, 16 қаңтар күні кешкі сағат 17:50-де ТЖД кезекші бөліміне Түрксiб ауданы «Қайрат» ықшамауданында орналасқан табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйдің пешінен ақау шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Жоғарыда аталған мекенжайға жедел жәрдем келгенше 1995 және 1992 жылы туған екi адам көз жұмды. Мамандармен тексеру барысында, пештің мұржасы газ қазандығына дұрыс бекiтiлмегенi және герметиканың болмауы анықталды. Нәтижесiнде, бөлмеге улы газ тараған. Оның салдары өлімге әкелді», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаметі.