АЭС салынуы мүмкін бе?
АЭС салынуы мүмкін бе?
135
оқылды

Елімізде жыл бойы талқылауға түскен басты тақы­рыптың бірі – Атом электр стансасын салу мүмкіндігі. Ал Энергетика министрлігі АЭС құрылысы жөнінде толық шешім қабылдауға әлі ерте дейді.

– Министрлік өзінің ресми мәлімдемесін жасады және біз сол ұстанымдамыз. Бүгінгі нарық электр энергиясы мен өндірісін толыққанды қамтамасыз етіп отыр. Егер болашақта электр энер­гиясы көзіне деген тапшы­лық сезілген жағдайда ғана стан­саның қандай түрін салу туралы мәселе қозғайтын боламыз. Атом ба, көмірлі станса ма, ол сол кез­де белгілі болады. Сондықтан атом стансасын салу жөнінде ай­туға әлі ерте. Дефицитке ұшы­раған жағдайда ғана тандайтын боламыз. Бұл атом стансасы бол­мауы да мүмкін, – деді вице-ми­нистр Әсет Мағауов журна­лис­термен өткізген брифингте.

Айта кетсек, 3 сәуірде Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары ба­ры­сында Ресей президенті Вла­димир Путин Қазақстанда атом электр стансасын салуды ұсын­ған болатын. Осыдан кейін Энергетика министрінің орын­басары Мағзұм Мырзағалиев атом электр стансасы Алматы облысының Үлкен аумағында салынуы мүмкін екенін айтқан. Ал маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан билігі атом электр стансасын салуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеген болатын. Жур­на­листермен өткен кездесуде Қ.Тоқаев: «Атом электр станса­сын салу жоспарымызда жоқ. Егер болса, міндетті түрде халық­пен ақылдасамыз. Тіпті, қажет бол­са, бұл мәселе бойынша рефе­рендум өткіземіз. Себебі бұл – өте жауапты, өте өзекті мәселе. Сондықтан мен уәдемді орын­даймын», – деген еді.