Балабақша басшысы басқаша тағайындалады
Балабақша басшысы басқаша тағайындалады
359
оқылды

Қазақстанда балабақ­ша мен мектеп директор­ла­ры жаңа жүйемен таға­йын­далатын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағам­бетов мәлімдеді.

Министр сөзінде: «Соңғы кездері білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау тәр­ті­бі­не қатысты сұрақтар көп. Мә­се­лен, кейбір ұйымдардың басшы­лары бір жерде тапжылмастан 20 жылдан астам уақыт бойы жүмыс істеген екен. Басқару ме­неджментінде өзгеріс болғаны дұрыс. Сондықтан біз жаңа жүйе бойынша балабақша, мектеп және колледж директорларын та­ғайындаймыз. Келешекте ро­та­циялау арқылы ауыстыру жү­йе­сін қолданатын боламыз», – дейді.

Бұл жүйенің жөні де, жолы да бөлек. Бұрынғыдай автономды басқару жүйесі болмайды. Заман талабына сәйкес, білім беру сек­то­ры автономды жүйеден кор­по­ративтік жүйеге ауыспақ. Со­ны­мен бірге мекемелерде ди­рек­тор­лар кеңесі жұмыс істейтін болады.

– Білім беруді басқару, қар­жыландыру да өте өзекті мәсе­ленің бірі. Осыған орай, 2021 жыл­дан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысатын болады. Қар­жыландыру да облыстық дең­гейге көтерілді. Ол өңір­лер мен мекемелер арасын­дағы білім алшақтығын азайтуға, жеткілікті деңгейде қаржы­лан­ды­руға ба­ғытталады, – дейді министр Аймағамбетов.