Жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болды
Жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болды

Президент Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағандар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

ІІМ кейбір заңнамалық актілерге қатысты тиісті өзгерістер әзірледі. Биыл 11 қаңтардан бастап бұл өзгерістер заңды күшіне енді. Осылайша, балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың барлық түріне жаза қатаңдатылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін санкциялар күшейтілді.

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша күдікті 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Атап айтқанда, ата-анасы, өгей әкесі, педагог осындай қылмыс жасаса, 20 жылға дейін сотталады. Бұрын бұл 12 жылдан 17 жылға дейін болған еді. Мұндай  өзгерістер ҚК-тің 121, 122, 123, 124, 134, 144, 312-бабына да енгізілді.

Бұл бастама кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықты азайтады деген үміт бар.