«Өзіміз де шошып кеттік» — өлілердің тізімінде екенін емханаға барғанда бір-ақ білген (видео)
«Өзіміз де шошып кеттік» — өлілердің тізімінде екенін емханаға барғанда бір-ақ білген (видео)
326
оқылды

Бір анығы, қайтыс болғандардың тізіміндегі бойжеткен жұмыс істеп, салық төлеп отыр.

Батыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны ауырып, жедел жәрдем шақырған. Мемлекеттік емханаға барған ол өзінің тірілердің тізімінде жоқ екенін білген. «Еуразия бірінші арнасының» хабарлауынша, бойжеткен өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін сабалып жүр.

«Олар маған компьютерді көрсеткен кезде онда Туккужинова Анаргуль Сатыбалдиновна менің туған күнім, менің қайтыс болған күнім 2014 жылдың 20 шілдесінде деп жазылған. Мен 2014 жылдан кейін бірнеше рет ол жерге тексерілгенмін, бірақ ешқандай мәселе байқалмаған.

Емханадағылар барлығына әділет (басқармасы — ред.) кінәлі деді. Бірақ біріншіден олар маған кем дегенде қандай да бір көмек көрсетуі керек еді, екіншіден, мұның бәрін маған дұрыс түсіндіруі керек еді», — дейді Анаргүл телеарнаға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жұмыста ауырған ол жедел жәрдеммен ауруханаға барғанда өзінің өлілердің тізімінде екенін білген. Амалы таусылған ол ақылы емханаға барып қаралуға мәжбүр болған.

Телеарнаның мәліметінше, оның өлілердің тізімінде екеніне аурухана қызметкерлері де білмеген.