Ұлттық кеңестегі шешімдердің саяси маңызы жоғары – Талғат Қалиев
Ұлттық кеңестегі шешімдердің саяси маңызы жоғары – Талғат Қалиев
165
оқылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Талғат Қалиев екінші мәрте өткізілген кеңес отырысының негізгі нәтижелерін атады. Ол бұл пікірін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Сарапшы желідегі жазбасында саяси партиялардың мүшелерін тіркеуді 40 мыңнан 20 мыңға азайту ісіне назар аудартады.

«Бұл көп пе, аз ба? 17 өңірге есептеп бөлсеңіз, бір партия үшін 1176 адам керек деген сөз. Блогерлердің жазылушылары мыңдап кеткен әлеуметтік желінің заманында өз партияңыздың қатарын оп-оңай жинап алуға болады. Оппозициялық партия өкілдеріне Парламенттегі жетекші позициялар берілетін болды. Мәжілістегі комитеттің басшысы лауазым қарапайым депутаттық мандаттан гөрі кез келген партия үшін едәуір жол ашып тұр. Сөзсіз, мұндай жағдайда Парламент пікірталасқа бейім әрі батыл болуы тиіс», – деді ол.

Талғат Қалиев сонымен қатар Мемлекет басшысының Есеп комитеті аудитінің жариялы болуы керектігі туралы шешімін айтып өтті.

«Жаңашылдықта экономикалық сипат басым десек те, бұл шешімнің саяси маңызы да жоғары. Себебі, осы өзгеріс азаматтық сектордың құзыретін арттырады. Жала жабу туралы баптың декриминализациялануы отандық журналистерді жігерлендіре түсуі керек», – деді Талғат Қалиев.