Мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді
Мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді
5,173
оқылды

Елордалық мектеп директоры мектеп асханасының иесінен пара алды деген күдікке ілініп отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық күдігіне байланысты қаладағы мектептің бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мектептің тамақтану қызметін көрсету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ЖШС өкілінен 742 мың теңге (ай сайынғы бюджеттік қаржыландырудың 10 пайызы) көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің қылмысы туралы іске түпкілікті шешімді сот шығарады.