Араққа «ЖОҚ!» деген ауылдар
Араққа «ЖОҚ!» деген ауылдар
581
оқылды

«Арақ – атамыздан қал­ған ас емес» деген ұранмен бү­гінде ауылдарда ішім­дікке қар­сы үгіт-насихат жүр­гі­зі­ліп жатыр. Кейбір елді ме­кенде дас­тарқанға арақ-ша­­рап қо­йыл­майды және дү­­­кен­дер­де сатуға тыйым са­лын­ған.

Әрине, кеңес дәуірінде әр той арақсыз өтпейтін, артынан төбелес те болып жататын. Қыл­мыс та көбінесе осы ішім­діктің буымен жасалатын. Қа­зір де ащы су дастарқанға қойыл­ған­мен, бұрынғыдай емес, мүлде жоғалып кетпесе де, азайды. Ол – рас!

Осы арақты қойдыру мақса­тын­да жұмыстар жүргізіп, басқа­ларға үлгі болар ауыл көптеп шыға бастады. Сонын бірі Түркістан облысы Жетісай ауданының Мақ­­талы ауылдық округіне қа­рас­­ты Алмалы елді мекенінде ал­ко­гольді сусын сатуға тыйым са­лын­ған. Ауыл ақсақалдарының бас­тамасын елді мекендегі бүкіл жұрт­шылық қолдап, ішімдікпен бір­лесіп күресуге кіріскен. Алма­лы ауылында 160 үй, 1 190 адам тұрады. Елеусін Жастаев, Алмалы ауылының биі:

– Ішкіліктен не пайда? Еліміз ішім­дік атаулыдан ада болса, таза бол­сақ, ұрлық, төбелес, ажырасу бол­майды, көлік апаттары азаяры анық, – дейді.

Бұл ақпарат тарамай тұрып ақпарат айдынында Түркістан облысы Ордабасы ауданына қа­расты Жусансай ауылының дү­кендерінде арақ пен темекі мүл­дем сатылмайды екен деп ха­барланды. 120 шаңырақта 1 100 тұрғыны, 3 дүкені бар ша­ғын ауыл. Бұл – ауылда ақса­қал­­дар алқасының жұмыс істеп тұр­ға­ны­ның белгісі. Яғни, жаста­ры үлке­­нін тыңдайды деген сөз.

Ал Солтүстік Қазақстан об­лы­сы Теңдік елді мекенінің тұр­ғын­дарының дастарқанына арақ-шарап қойылмай келе жатқанына 16 жылдай болып қалған. Со­дан бері ауылда ұрлық-қар­лық, қылмыс деген атымен жоқ деп айтқан болатын КТК те­­­ле­­арнасы. Теңдік ауылында 2003 жылы мешіт бой көтеріп, ашы­лу салтанатында қариялар ауыл­­дықтарға арақты мүлде қою туралы үндеу тастаған. Орынбай ақсақал – осы ауылдағы жалғыз қажы. Қазір мұнда көшіп келген қан­дастарға да баспана салып беріп отыр. Өз қара­­жатына 150 орындық мешіт тұр­­ғызған. Орынбай қажы Әлжанов:

– Үй саламын деп бірталай мате­риал жинағанмын. Үйім бар, далада отырғаным жоқ қой деп ойладым. Жаңа заман келді. Жас­тар­ға рухани тәрбие беру керек. Жаңа жолға бағыттау керек. Жа­сы­мыз болса келіп қалды деп сол жас ұрпақты тәрбиелеу үшін осы ме­шітті салдық, – дейді.

Ащы суға қарсы шыққан өңір­дің бірі – Алматы облысы Райым­бек ауданы Сарыбастау ауы­лы. Мұндай игі бастамаға ұйытқы болған ауыл мектебі жанынан құ­рылған «Ұлағатты ұрпақ» қо­ғам­дық қоры екен. Алатаудың баурайында Сарыбастаудан өзге, араққа «жоқ!» деген – Қақпақ ауыл­дық округі. Жастар осы жер­ден шыққан атақты спорт­шы­лар Ардақ пен Бейбіт Назаровты үлгі тұтып артынан ерген.

– Қазақстанның барлық ауы­лында арақ сатылмаса, ащы суға жоламайтын ұрпақ өссе екен деймін. Болашақта қа­зақ ба­лалары ішімдік дегенді біл­мей­­тін заманның келетініне сене­­мін, сондықтан өз атымнан барша қа­зақ баласын ішімдіктен бас тарту шарасын қолдауға шақы­ра­­мын, – дейді Alem fighters спорт клубының жетекшісі Ардақ Назаров.

Үндеуге қолдау білдірген Ал­ма­ты облысына қарайтын Жы­лан­­ды ауылының тұрғындары той-­то­малақта арақ пен сыраның ор­нына қымыз ішеді екен. Бұл дәс­түр 2010 жылдан бастап жү­зе­­ге асып келе жатқандығы та­­ғы бар. Арақ сатылмауына се­­­­­­­беп­­­­ші болған бірден-бір адам – бел­­­­гілі кәсіпкер, ZHERSU ком­па­ниясының иесі Бауыржан Оспанов. Ол туған ауылына бар жағ­дайды жасап қана қоймай, халықты арақ орнына қымыз ішуге үйреткен. Ауылдағы дү­кен­дердің сөрелерінде ащы су атау­лы мүлдем жоқ. Ішімдік бы­лай тұрсын, темекі, тіпті харам саналатын шұжықтар да сатыл­май­ды екен.

Ұлттық экономика министр­лігі статистика комитетінің мәлі­­метінше, Қазақстанда 2019 жыл­дың қаңтар-тамыз айларында 174 101 қылмыс тіркелген. Қыл­мыс­­­­тық жауапкершілікке 23 938 адам тар­тылған. Орта есеппен әр­­бір же­тінші құқық бұзушы мас кү­йін­де және топ құрамында қыл­мыс жасаған. Олай болса осы санды азайтуда мүмкіндігіміз мол. Ол үшін саналы да сапалы ұрпақ өссін, қылмыс азайсын деген мақсатта ішкілікке тыйым салған ауылдар өзге елді мекендерге өнеге болса игі!


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ