«Қар қызы» көрерменге жол тартты
«Қар қызы» көрерменге жол тартты
461
оқылды

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты. Жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің желісімен қойылған спектакль көпшіліктің көңілінен шықты. Зал толы көрермен мен олардың ұзақ қол шапалақтап қошемет көрсетуі жаңа қойылымды сахнаға алып шыққан ұжымның діттеген мақсатына жеткенін білдірсе керек.

Спектакльдің қоюшы-режис­сері әрі сахналық нұсқа авторы – Жұлдызбек Жұманбай. Рөлдерді Халық артисі Тұңғышбай әл-Та­рази, Қазақстанның еңбек сі­ңір­­ген артисі Төлеубек Аралбай және кейінгі толқын жас актерлер сом­­­да­ды.

Жаңа премьера алдында баспа­сөз мәслихаты өткізіліп, театр ди­ректоры Сәбит Әбдіхалықов журналистерге сұхбат беріп, театрдың осы жылы атқарған істе­­ріне шолу жасады. Расында да, биыл театр ұжымы көрерменге бір­қатар жақсы қойылым ұсын­­­ды. «Биыл төртінші пре­мье­ра көрерменге жол тартып отыр. Қаңтарда «Сүйікті менің ағатайым», кейіннен «Қобы­лан­ды», «Атилла» болды. Көрер­мен­­­нің сұрауы бойынша «Бес бой­даққа бір той» қойылымын қайта шығардық. Сонымен қатар «Мұқағалимен сырласу» поэ­ти­­калық композициясы да көрер­­менге жол тартты. Биыл үш ха­лықа­ралық фестивальге қатыс­т­ық. Да­ғыстанда өткен халықара­лық фестивальде «Сүйікті менің аға­тайым» спектаклі бас жүлдеге ие болды», – деді ол.

«Көрерменге тағы да бір жаңа премьера ұсынылып отыр. Бағасын өздеріңіз бересіздер. Оралхан Бөкей сияқты еліміз­де автор баршылық. Театр­дың жоспары бойынша әр­түр­лі саладағы, әртүрлі жанр­­да­ғы мате­риал­дарға көңіл аудар­мақ­шы­мыз. Классика біраз меңгерілді. Драматургтермен сөйлесіп, тап­сы­рыс беріп жатырмыз. Халық болғаннан кейін талантты, дарын­ды драматург те, артистер де туады. Сын­шыға көп нәрсе байланысты. Тым жақсы сыншылар жоқ. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Сын­дарыңызды күтеміз. Сын актер­лер­ге де керек. Спектакльді кө­ріп, оның қандай болғанын, жетіс­тігін, кемшілігін айтыңыздар. Жақ­­сылыққа ұмтылайық. Сыр­ла­­сайық. Екі құрамды салыс­ты­рып айтыңыздар. Олар бір-­бі­рі­нен озуға тырысады. Бұл –шы­­­­­­­ғармашылық тартыс. Бұл керек. Та­ла­­­сып, тартысып, өсу керек», – деді театрдың көркемдік же­тек­­шісі Асан­­әлі Әшімов.

«Қар қызы» спектаклі бұ­дан бұрын да қойылған. 70-жылдары Ғабит Мүсірепов атын­­дағы ака­де­миялық балалар мен жас­өс­пірімдер театрында қо­йыл­ған спектакль аға буынның есін­де. Араға жылдар салып театр­дан көрерменге жол тартқан спек­­такльдің алғашқы аяқалысы жаман емес. Бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.