Спортшы барлық жарыстан уақытша шеттетілген. Бұл туралы КТК хабарлады. Рио-де-Жанейродағы алтын медалі спортшыда қала ма, ол жағы әзірге белгісіз.
Бірақ Олимпиада алдында тапсырған анализіне қатысты мәселе бар. Егер кінәсі дәлелденсе, допинг ережесін қайта бұзғаны үшін ол ұзақ мерзімге спорттан шеттетілуі мүмкін. Себебі, 2013 жылы Әзірбайжан атынан өнер көрсетіп жүрген кезінде Рахимов «рұқсат етілмеген препарат қолданды» деген айыппен екі жыл бойы жарыстарға қатыстырылмаған.
Рахимов допинг дауына іліккен жалғыз қазақстандық ауыр атлет емес. Соңғы бірнеше олимпиадада алтын алған спортшылардың барлығы осылай допингпен ұсталып, медалін қайтарған болатын.
Бұл жайтқа қатысты Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілі: «Осы оқиғаны тергеу кезінде Нижат Рахимов барлық спорттық іс-шара мен оқу-жаттығу жиынынан уақытша шеттетіледі. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы объективті тергеу жүргізуде Халықаралық тестілеу агенттігіне көмектеседі. Қажет болған жағдайда біздің атлетке құқықтық көмек көрсетіледі», – дейді.