Мадридте жойқын жарылыс болды
Мадридте жойқын жарылыс болды
130
оқылды
Испания астанасы Мадридте жойқын жарылыс болды,деп хабарлайды Хабар 24. Оқиға бүгін 15:00 шамасында болған. Жарылыс салдарынан ғимарат зақымданған. Жарылыс себептері анықталып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Толедо көшесінде болған жарылыстан ғимараттың жоғарғы үш қабаты опырылып құлаған. Полиция оқыс оқиға болған ауданды қоршауға алды. Алғашқы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, тұрмыстық газ жарылған көрінеді. Қанша адамға зақым келгені туралы нақты ақпарат жоқ. Кей мәліметтерге қарағанда, жарылыстан 6 адам жарақат алған. Олардың біреуі ауыр хәлде.