Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми кірісті
Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми кірісті
5,163
оқылды
АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден 20 қаңтардағы инаугурацияда ант қабылдап, қызметке кірісті. Ал вице-президент қызметіне Камала Харрис келді. Ол бұл лауазымға тағайындалған алғашқы әйел болды. Бұл жолы президенттің ұлықтау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты әдеттегіден қарапайым өтті. Капитолийден бастап Ұлттық саябақ бойымен тізіле тұратын жүз мыңдаған адамның орнына АҚШ штаттары мен аумақтарының 200 мыңнан астам Туы ілініп тұрды. Инаугурацияға экс-президенттер Барак Обама, кіші Джордж Буш, Билл Клинтон қатысты. Қызметінен кеткен президент Дональд Трамп инаугурация рәсіміне қатысқан жоқ. 20 қаңтарда таңертең ол Ақ үйден кетіп, президент ұшағымен Флоридаға аттанды.