Қаржы мониторингі комитеті Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру нәтижесінде, 2009-2020 жылдары Таразда жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды.
Олар қызмет көрсетпесе де, тауар жеткізілмесе де шот-фактура рәсімдеген. Тергеу барысында 10 адамның бірлесіп, қаржы жымқырғаны анықталды.
Мемлекетке 10 млрд теңге шығын келді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.