СҚО-да өрт шыққан үйде балалар болған
СҚО-да өрт шыққан үйде балалар болған
5,178
оқылды

Жанып жатқан үйдің ішінен жеті адам құтқарылды

Солтүстік қазақстандық тәртіп сақшылары 7 адамды тілсіз жаудан құтқарып қалған. Бұл туралы СҚО Полиция департаменті хабарлады. 

«Көкшетау-Рузаевка» тас жолында кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері Ерлан Данкин мен Азамат Бқоев таңғы сағат 06:30 кезінде Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл елді мекеніндегі жанар-жағар май бекетіне тоқтаған. Осы сәтте көмекке шақырған дауыстарды естіген олар дереу оқиға орнына жетеді. Осылайша жанып жатқан үйдің терезесінен іштегі адамдардың барлығын сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерді шақыртқан. Жедел құтқару тобы өрттің неден шыққан салдарын анықтап жатыр», - делінген хабарламада.

«Үйдің терезесінен көмек сұраған дауыстарды естідік. Содан соң қоршаудан секіріп өтіп, жанып жатқан үйдің ішінен 3 кішкентай бала және 4 әйел адамды сыртқа шығардық. Құтқару кезінде жанып жатқан үйдің көршісі бізге көмек көрсетті», - деді СҚО Полиция департаментінің инспекторы Ерлан Данкин.