Көлгінов: LRT құрылысын аяқтаймыз
Көлгінов: LRT құрылысын аяқтаймыз
5,203
оқылды

Елорда әкімі бұл президенттің тапсырмасы екенін де айтты

ОКҚ өткен брифингте Алтай Көлгінов жеңіл рельсті көлік жобасын соңына дейін жеткізілетінін мәлімдеді.

«Жоба аяқталады. Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысын оңтайландырдық. Осы шаралардың нәтижесінде шамамен 1,2 млрд доллар қаржы үнемдеу жоспарланып отыр. Оның ішіне қарызды өтеуге қызмет көрсетуден 800 млн доллар, құрылыс-монтаж жұмыстарынан 350 млн доллар үнемдеу көзделген. Сондай-ақ, аялдамалар санын 18-ден 11-ге дейін, ал жылжымалы құрамды 19-дан 12-ге дейін қысқарттық. Пойызды күту аралығы 10 минутқа дейін ұзартылды. Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты және жер үсті жолдарын да оңтайландырдық», – деді А. Көлгінов.

Қытайдың Даму Банкінен алған қарыз толығымен өтелді. Сондай-ақ, Консорциумның алдындағы қарызды өтеуге де қаржы жұмсалды. Облигациялық қарыз қаражаты тартылды.