Елорда тұрғындары құны миллион теңгеден асатын кабель ұрлаған
Елорда тұрғындары құны миллион теңгеден асатын кабель ұрлаған
223
оқылды

Олар қылмыс үстінде ұсталды.

Елорданың төрт тұрғыны кабель ұрлау кезінде қолға түсті. Тастай қараңғыда «Газель» көлігіне әлденені тиеп жатқан олар полицияның назарына ілігіпті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

«21 желтоқсан күні қала көшелерін қадағалау кезінде әсери полиция қызметкерлері мен елордалық полицейлер Телман тұрғын алабының аумғында күдікті төрт адам ұсталды. Түнгі уақытта тастай қараңғы жерде олар «Газель» көлігіне әлденені тиеп жатқан. Тұтқындау барысында төрт азамат қаланың комуналды меншігі болып табылатын кабельді ұрлап жатқаны белгілі болды. Олар бұл әрекетімен қала қазынасына бір миллионнан астам шығын әкелді», – делінген хабарламада.

ПД баспасөз қызметінде ұсталғандардың үшеуі бұрын да осыған ұқсас ұрлық және тонау, көлік ұрлау сияқты қылмыстары үшін бірнеше рет сотталғанын жеткізді.

Азаматтар кінәларын толық мойындады. Заттай айғақтар алынған. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Күдіктілер уақытша қамау изоляторына жеткізілген. ҚР ҚК 188 бабының 2 тарауы бойынша тергеу амалдары басталды.