Дәрі неге кейде әсер етпейді?
Дәрі неге кейде әсер етпейді?
391
оқылды

Мамандар себебін айтты.

Оның бірнеше себебі бар. Кейде дәріні кез келген сұйықтықпен іше саламыз. Кофе, сүт, шай, шырынмен бірге ішкен дәрі дұрыс әсерін бермейді. Өйткені сұйықтықтағы қоспалармен араласып, құрамындағы заттардың қасиеті жоғалады. Дұрысы – дәріні бөлме температурасындағы сумен ішу керек. 

Егер нұсқаулықта дәріні тамақпен бірге ішу керек екені жазылса, ішіп отырған тамағыңыздың құрамына мән беріңіз. Дәріні ішу мезгілі де нұсқаулықта анық көрсетіледі. Ал біз дәрімізді есімізге түскен уақытта ғана ішеміз. Бір ішіліп, бір ішілмеген дәрі ағзамызға оң әсерін бермейді, керісінше, зиян болуы да мүмкін. Сондықтан дәрі ішу уақытын минутына дейін қатаң сақтау керек. Мысалы, таңғы сағат 07:00-де ішсеңіз, келесі күні де дәл сол кезде тұтыныңыз. 

Ал бір уақытта бірнеше дәрі ішуіңіз керек болса, бәрін бірден қабылдаудың керегі жоқ. Дәрілер арасына 10 минут салып ішіңіз. Ең маңыздысы – сәл бетіміз бері қарап, оңалған кезде дәрі ішуді тоқтатып тастаймыз. Бұл – өте үлкен қателік. Дәрігер дәріні қанша күн іш десе, сонша күн ішу керек.