Динара Сәдуақасова ең үздік 10 шахматшының тізіміне енді
Динара Сәдуақасова ең үздік 10 шахматшының тізіміне енді
224
оқылды

Қазақстанның шахмат федерациясы Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшының қатарына енді, – деп хабарлайды.

Танымал шахматшы Динара Сәдуақасова 2700chess.com онлайн рейтингісі бойынша әлемнің топ-10 үздік шахматшы әйелдің қатарына енді. Ол Шахматтан әлем чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костенюкті, Блицтен әлем чемпионы, грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзені артқа қалдырды.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Динара Сәдуақасова «Әлемдегі 9-шахматшымын!» — деп жазды.

Айта кетейік, ол – Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы. Елордалық шахматшы 2019 жылы Азия чемпионы атанды, Grand Swiss турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ Эло рейтингінде 2500 ұпайдан көп алған алғашқы қазақстандық шахматшы.