Кенжебек Жанәбіловке оқырмандары сәттілік тіледі
5 айлық сапардан кейін: Кенжебек Жанәбіловке оқырмандары сәттілік тіледі
instagram.com/kenzhebekmuzart
338
оқылды

Әнші Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасында жаңа отбасылық суретін жариялады.

Фотода өнер иесінің отбасы мүшелерімен бірге демалыста жүргені көрінеді. Жазбада әнші бес айлық сапардан кейін аз уақыт тынығып жатқанын жеткізген.

«5 айлық сапардан кейінгі отбасылық демалыс. Шаршағанымызды басып, ары қарай жылжуға күш жинау керек», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін білдіріп, жақсы демалыс пен шығармашылық табыс тіледі.