Полицейлер Алматыда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың мән-жайын анықтады
Полицейлер Алматыда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың мән-жайын анықтады
177
оқылды

Полицейлер Алматыда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың мән-жайын анықтады.

Алматы қалалық полиция департаменті жанармай құю бекетіне шабуыл жасады деген күдіктіні ұстағанын хабарлады.

Әлеуметтік желілерде жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Полицейлер бұл оқиғаның Алматыда болғанын растады. Төтенше жағдайдан кассир-күзетші зардап шеккен.

«Таныс екі ер адам жұмыс уақытында жасырын түрде ішімдік ішіп жүрген. Сол күні 39 жастағы ер адам әдеттегідей жанармай құю бекетіне досына келген, содан екеуі іше бастаған. Бірде ол бекетте жұмыс істейтін досынан ақша сұраған, бірақ ол ақша беруден бас тартқан. Сол кезде ол досының мойнына пышақ салған. Салдарынан ер адам орнынан құлаған да, қаскөй одан ақша тұрған жерді көрсетуді талап еткен. Кассадан 40 000 теңге алып кетіп, оқиға орнынан жасырынған», ­— дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

Тергеу жалғасып жатыр.