Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды
Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды
257
оқылды

Қазақ қызы Әсел Робертс бұл қызметке 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап кірісті, - деп хабарлады Ақ үйдің ресми сайты. 

«Әсел К. Робертс 2021 жылдың 20 қаңтарында АҚШ Протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Протокол бастығының кеңсесінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарды. Робертс ханым дипломатиялық қызмет мектебін бітірді. Эдмунд Уолш атындағы Джорджтаун университетінің Халықаралық құқық және ұйымдар саласындағы ғылым бакалавры дәрежесі бар. Ол орыс, қазақ және жапон тілдерінде сөйлейді», - делінген хабарламада.
Factcheck.kz сайтында хабарланғандай, Әсел Робертс (бұрынғы Төленова) АҚШ протоколында бұрыннан жұмыс істеп келеді. FederalPay.org мемлекеттік қызметкерлеріне арналған ресурс деректеріне сәйкес, 2005 жылға дейін ол Алматыда жұмыс істеді. АҚШ мемлекеттік қызметінде кем дегенде 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Оның Барак Обамамен бірге жұмыс істегенін Германия Канцлерінің Instagram-ға 2016 жылы жариялаған посты арқылы байқауға да болады. Әсел Төленова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.1993 жылы Джорджтаун университетіне дипломатиялық қатынастар факультетіне түсіп, оны 1998 жылы бітірген. Жыл сайын АҚШ-тағы елшілігімізде, сондағы басқа да әртүрлі мекемелерде қызмет атқаратын қандастарымызды Наурыз мерекесінде, Тәуелсіздік күнінде бас қостырып, олардың алғасын арқалап жүрген азамат. [caption id="attachment_105193" align="aligncenter" width="800"] width= Фото: Дереккөзден алынды[/caption] АҚШ азаматы Шон Робертске тұрмысқа шыққан. Айдин есімді қызы бар. Шон Робертс Қазақстан туралы жақсы біледі. Себебі ол 90 жылдардың соңында USAID бағдарламасы аясында Орта Азия өңірінде жұмыс істеген. 2006 жылы ол Джорджтаун университетіне түсіп, Орталық Азияны зерттейді. Ал оның алғашқы алған білімі – орыс тілі және тарих. Қазіргі кезде ол Джордж Вашингтон университетінің Халықаралық дамуды зерттеу кафедрасының доценті және директоры болып жұмыс істейді. Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы туралы жазған болатынбыз.