Үш жасар туған қызын өлімші етіп сабаған әйелді жауапқа тартты
Үш жасар туған қызын өлімші етіп сабаған әйелді жауапқа тартты
173
оқылды

Петропавлда 22 жастағы келіншек туған қызын есінен танғанша ұрып, кейіннен жедел жәрдем шақырған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Сау тамтығы қалмаған кішкентай қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр Балаға анасы не үшін шүйліккені белгісіз. Үш жасар қызын кереуеттен құлатып, ол есінен танып қалғанда ғана анасы жедел жәрдем шақыртқан. Таяқ жеген баланың мүшкіл халін көрген дәрігерлер жағасын ұстады. Полицияға аурухана дәрігерлері хабар берген.

СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары Азат Құсайынов: «Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Қазір 22 жастағы қала тұрғыны Петропавлдағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді.