Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі: «Демалыс күндері: — 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;
— 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;
— 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», - деген қаулы мәтінін жариялады.