Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады
Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады
196
оқылды

Бас прокурор Қазақстан Президентіне қадағалаушы орган жұмысының қорытындысын, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Президентке азаматтардың конституциялық құқын қорғау шаралары, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлы технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажетін айтып, бірқатар нақты тап­сырма берді.