Бельгия билігі биыл 27 қаңтардан бастап 1 наурызға дейін азаматтардың шекарадан өтуіне тек белгілі бір жағдайларда рұқсат береді.
ҚазАқпарат-тың мәліметінше, Бельгия үкіметі жанындағы Коронавируспен күрес жөніндегі кеңес органы шекараны кесіп өтуге мүмкіндік беретін мына шарттарды белгіледі:- қызметтік іссапарлар;
- гуманитарлық себептер: медициналық көмек шеңберінде қарттарға, кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге көмек көрсету, туыстарына бару, сондай-ақ медициналық себептер бойынша көшу және ем алуды жалғастыру;
- оқу мақсатындағы сапарлар: білім алу, ғылыми зерттеулер шеңберінде алмасу бағдарламасы бойынша оқушылар, студенттер және тағылымдамадан өтушілер;
- отбасылық жағдайға байланысты маңызды себептер;
- заңды міндеттемелер шеңберіндегі сапарлар, көлік құралын шұғыл жөндеу немесе көшу;
- шекаралас аймақтарда жұмыс істейтін адамдардың жүріп-тұруына да рұқсат етіледі, бірақ 48 сағаттан аспайтын мерзімге.