Атақты тележүргізуші өмірден өтті
Атақты тележүргізуші өмірден өтті
АҚШ-та тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды, деп хабарлады журналистің Twitter-дегі ресми аккаунты. Кинг Лос-Анджелестегі ауруханада қайтыс болған. Тележүргізушінің неден қайтыс болғаны айтылмаған. Бірақ, бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, ол коронавируспен ауырған. Кингтің Instagram-дағы парақшасында соңғы сурет былтыр қазан айында жарияланған. Тележүргізуші 1985-2010 жылдар аралығында жүргізген «Larry King Live» шоуымен танымал. Ол елу мыңнан астам саясаткерден, актерден, спортшыдан және басқа да танымал адамдардан сұхбат алған.