Продюсер Баян Алагөзова «Кешью» тобындағы өзгерістер туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Сонымен қатар топтағы қыздарға қандай талап қойылғанын мәлімдеді. Продюсердің айтуынша, топта өнер көрсеткен Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепбергеннің махаббат хикаясы әнші арудың мансабына әсер еткен.
Продюсер бұл жаңалықты білгеннен кейін ештеңеге қарамастан Жұлдыз Өмірғалимен жұмысты тоқтатқан.
«Жұлдыздың жеке өмірінде Айқынның пайда болғанын естіген бойда, бірден «Жұлдыз, сен жақсы қызсың! Бірақ «Кешьюда» қала алмайсың» деп айттым. Шындығында, ол кеткісі келмеді. Тіпті есімде, Айқын менен Жұлдызды топта қалдыруымды өтінді. Тіпті, егер ол басқаруға келмейтін болса, ең мықты әнші қызды да ауыстыруға болады. Өйткені Кешью – ол жай ғана қыздардан құралған топ емес! Бұл – жоба!» - дейді Баян Алагөзова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
