2017 жылы жоғалған баланы екі жыл бойы қорада қамап ұстаған
2017 жылы жоғалған баланы екі жыл бойы қорада қамап ұстаған
229
оқылды

Германияда екі жыл бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды, — деп хабарлайды «РИА Новостиге» сілтеме жасаған Zakon.kz.

Ол 44 жастағы жұмыссыз ер адамның сайман қорасынан шықты. Құқық қорғау органдары балалар порнографиясын таратқан деген күдікпен оның үйіне тінту жүргізген. Достарына барып келемін деп үйден шығып, сол күйі оралмаған жасөспірімге 2017 жылы іздеу жарияланған.

Ол екі жыл қорада қамалып отырған. Оның үстінде жоғалған кезде киген киімі болған.

Марвиннің айтуынша, оны ешқашан, тіпті таза ауа жұту үшін де далаға шығармаған. Жасөспірімнің денесінен ешқандай зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ. Бірақ көршілері полицияға үйден біртүрлі шыңғырған дауыстар естігенін айтқан.

Баланы отбасына оралды. Тергеу басталды.