Семейде 4 адам өрттен құтқарылды
Семейде 4 адам өрттен құтқарылды
5,118
оқылды

Семей қаласында 2 полиция қызметкері 4 адамды өрттен құтқарды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 02.48-де Пархоменко көшесіндегі жер үйден өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалын үйдің кіреберісі мен шатырға шарпыған. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрге жеткен.