Науқас баланың анасы инклюзивті портал ашты
Науқас баланың анасы инклюзивті портал ашты
199
оқылды

Оtyrar.kz порталының хабарлауынша, 6 бөлімнен тұратын «Бала times» инклюзивті порталы қараша айынан бері жұмыс істеп келе жатыр.

Порталдың редакторы науқас бала бағып отырған Жанель Жұмалинованың айтуынша, порталдың ата-аналар үшін өте қажет.

Жанель Жұмалинова, «Бала times» порталының редакторы: «Мен өзім де науқас баланы бағып отырмын. Аналар үшін оның қаншалықты қиын екенін білемін. Сондықтан да осы порталды қолға алдық. Біз өзіміз кездескен кедергі мен оның алдын алу жөнінде жазамыз. Ауруын жеңген жандардың да тарихымен бөлісеміз», — дейді.

Дерекөздің жазуынша, порталдың басты мақсаты — ерекше бала бағып отырған аналарға қолдау көрсету. Портал арқылы бала ауруының бастапқы кезеңі, оны емдеу орындары мен құқықтарын білуге болады. Одан бөлек, оқырман аналар кездескен кедергілерін редакторға жолдауға мүмкіндік бар. Осылайша, тағдырлас жандар проблеманы бірігіп шешпек.