Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды
Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды
150
оқылды
Olympic.kz сайтының мәліметіне қарағанда, #TEAMKZ атлеттері жарыс алаңына арнайы қаралы лентамен шығады. Осы күндері Әлем кубогі өтіп жатқан Нидерландыда конькимен сырғанаушылар бірінші болып құрмет көрсетті. Содан соң биатлон бойынша Қазақстан командасына қосылады. Шаңғы акробатикасы бойынша Қазақстан комадасы Беларусьте өтетін Әлем кубогі сатысында Чеботьконы еске алады. Николай Чеботько 38 жасында өмірден озды. Төрт рет Олимпиада ойынының қатысушысы жол көлік апаты салдарынан көз жұмды. Жол апаты 24 қаңтарда Бурабай ауылы (Ақмола облысы) маңында болды. Шаңғышы кез келген аралықта жарысқа қатыса алатын әмбебап болатын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті елдегі барлық спорт қауымдастығы атынан Николай Чеботьконың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.