Аягөз аудандық ауруханасы Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі емдеу мекемелерінің бірі.
Ауруханада 132 дәрігер, 479 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олар ауданымыздағы 72 мың адамға медициналық көмек көрсетеді. Аягөз ауданындағы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің құрамына 15 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 ауданаралық аурухана кіреді. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары елімізде адам өлімінің себептері арасында бірінші орынға шығып отыр. Атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, адамзаттың «қатерлі үш бірлігі» деген атқа ие болған. Жүректің ишемиялық ауруларын, ми-қан тамырларының дер кезінде диагностикалау, оған жедел медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалудың басты шарты. Осыған байланысты, ауданымызда 2018 жылы орталық аурухананың базасында облыс әкімшілігінің тікелей көмегімен инсульт орталығы ашылды. 2018 жылы ЖШС «Медициналық – инновациялық технология», «Парыз» қоғамдық қоры және «Орталық аудандық аурухана» 639 652 441 теңгеге Инсульт орталығына қажетті медициналық құрал-жабдықтар алуға 3-жақты келісім-шарт жасалынып, компьютерлік томограф, қолдан дем алдыратын аппарат, УЗИ, физиотерапиялық қажетті құралдар және басқа құрал-жабдықтар толық алынып, Инсульт орталығы ашылған болатын. Бүгінгі күні Инсульт орталығында тек Аягөз ауданының тұрғындары ғана емес көрші Үржар, Жарма аудандарынан келген сырқаттар да емделіп, компьютерлік томографиялық тексеруден өтуде. Жаңа үлгідегі ашылған қабылдау бөлімі «Triage» жүйесі жұмыс жасауда. Биылғы 2020 жылы Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасына құны 421 млн тенге тұратын ангиографиялық диагностикалық аппарат орнатылып, II деңгейдегі кардиологиялық орталық ашылды. 2020 жылдың 11 айында инсульт орталығында 402 ауру емделіп шықса, оның 112-сі көрші аудандардың тұрғындары. Жаңадан ашылған ангиография кабинетінде қазан айынан бері қан тамырларына 200-ден артық тексерулер жасалынды. Кардиохирургиялық орталықта қан тамырларына 187 науқасқа ота жасалып, оның ішінде 84-тен аса науқасқа жүрек-қан тамырларына стент қойылды. Бұл жоғары технологиялық диагностикалық медициналық көмектің қол жетімділігін нақты іске асырылып отырғанын дәлелі. Аудандық ауруханада перинатальдық орталық, инсульт орталығын, II-ші деңгейдегі кардиологиялық орталық ашып, оларды соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықтау, КТ, ангиограф сияқты диагностикалық аппараттар орнатып, жүрек-қан тамырларына тері арқылы араласу кезкелген аудандық деңгейдегі ауруханаларда жоқ. Бұған қоса мамандарды шетелдерде оқыту қолға алынды. Соңғы 3 жылда 37 маман Ұлыбритания, Турция, Литва, Ресей сияқты мемлекеттерде білімдерін жетілдірді. Осы жасалып жатқан жұмыстардың барлығы мемлекетіміздің, президентіміздің денсаулық сақтау саласының қолдауының нәтижесінде болып отыр. Медицина қызметкерлері президентімізге, облыс әкімі Д. Ахметовке шексіз алғысын білдіреді.Ш.Ж. Омаров, Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері