Онкология орталығы сәуірде ашыла ма?
Онкология орталығы сәуірде ашыла ма?
189
оқылды

Nur Otan партиясы Маң­ғыстау облыстық фи­лиалында облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы жетек­шілігімен Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Шараға саяси кеңес бюро­сының мүшелері, партия қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен Qutty meken ұлтт­ық жобасы аясында Ақтау қала­сындағы 100 орындық онкология диспансері құрылысының жұ­мысы жөнінде «Маңғыстау Құрылыс Инвест» ЖШС дирек­торының орынбасары Кеңес Әлібеков баяндама жасады.

Баяндамадан соң бірқатар маңызды мәселе туындады. Мә­селен, диспансердің ашылуы алдымыздағы жылдың сәуір айына жоспарланғаны белгілі болды. Алайда құрылыс жұ­мыс­тары мен медициналық қон­дырғылар бойынша әлі де ше­шімін таппаған мәселе бар. Өз кезегінде облыс әкімі бұл ол­қылықтарға бейжай қарамауды ескертті.

Осыған орай, бюро мүше­лерінен бірнеше ұсыныс түсті. Алғашқысы, онкология құ­ры­лысын мерзімінде аяқтау үшін нақты жұмыс жоспарын құру және оны бір апта көлемінде тапсыру. Екіншісі, диспансерге ор­натылатын медициналық құ­рылғылардың орнатылу мерзімін белгілеу.

– Онкологиялық диспан­серді сәуір айында ашуымыз керек. Бұл облыс халқы үшін өте маңызды нысан. Сон­дықтан Денсаулық сақтау бас­­қармасы, тапсырыс бе­ру­ші, жеткізуші және элек­трже­лісімен қамтамасыз етіп отыр­ған тараптар қала әкім­дігімен бірлесіп, етене жұмыс істеуі керек. Осы тараптардың жұмысын үйлестіруді орын­басарым Нұрлыбай Қаржау­байұлына тапсырамын. Бұл іске жауапты қарағанымыз жөн, – деді облыстық партия филиа­лы­ның төрағасы С.Өтелгенұлы.

Облыс әкімінің тапсырма­сынан соң Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық бақы­лау-тексеру комиссиясы төраға­сының жылдық есебі тыңдалды. Бұл баяндаманы Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Ада Ким жасады.

Саяси кеңес бюросы оты­рысындағы үшінші мәселе бойынша облыстық мәслихат­тағы Nur Otan партиясы депутат­тық фракцияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бе­кітілетін болды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі төртінші мәселеге сәйкес, Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары жасалды. 


Әбілмансұр ЖАСАН