Жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Жан басына қаржыландырудың көлемі артты
112
оқылды

Шымкент қаласының әкімі, қалалық «Nur Otan» партиясы филиа­лының төрағасы Мұрат Әйтенов Instagram желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындармен тілдесті.

Онлайн кездесуде ол қаладағы эпидемиологиялық ахуалды сөз етіп, тұрғындардың бірқатар сұрақ­тарына жауап берді. Ол өткен тәу­лікте қалада COVID-19 инфекция­сын жұқтырған 14 жағдай тіркелге­нін, бұл бағытта көбею үрдісі бай­қалып отырғанын сөз етті. – Бүгінде шаһарда 1 060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантин – 500), әзірге 864 төсек-орны бос тұр. Жұқпалы және карантинді ауру­ханаларда 196 науқас ем қабыл­дап жатыр, – деді аймақ басшысы. Қала әкімі апталық эфирін білім саласына арнады. Бұл жөнінде өзі­нің жеке парақшасында хабарлап, тұрғындардан сұрақтар мен ұсы­ныс­­тарын жазба астына жазып қал­­дыруын сұраған. Тұрғындар тақы­­рып төңірегінде 200-ден астам пікір жазып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Эфир барысында Мұрат Дүйсенбекұлы білім төңірегіндегі мәселелерді де талқыға салып, сала бойынша сұраққа жауап берді, алдағы жоспарды бөлісті. – Биыл қаладағы мемлекеттік 5 колледжді жабдықтау үшін респуб­ликалық бюджеттен 1 447,772 млн теңге қаржы қаралған. Қыркүйек айына дейін колледждердің мате­риалдық-техникалық базасы 70 пайызға жаңартылады. Сонымен қатар өткен жылы мектепке дейін білім беруде жан басына қаржы­ландыру әр балаға 28 350 теңге бол­са, биыл 37 527 теңге ретінде бекі­тілген. Көру қабілеті нашарлар үшін «Брайл» және зерде бұзылыстары бар балалар үшін «САТР» баспа­сынан арнайы кітап алынып, оқулықтар қоры толығатын болады, – деп атап өтті. Эфир соңында қала әкімі қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен, әлі де сақтық шара­сына мән беру қажет екенін айтты. Сөз соңында эфирде тұр­ғындардан келіп түскен сұрақ­тардың барлы­ғына міндетті түрде жауап беретінін, келесі апта тұрғын үй төңірегінде мәселе қозғала­ты­нын жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН