Отандық TikTok жұлдыздары табысын неге жасырады?
Отандық TikTok жұлдыздары табысын неге жасырады?
287
оқылды

TikTok 15 секундтық бейнелерді жасауға және көруге мүмкіндік беретін қосымша. Негізі, бейне клип, скетч және трендтерге деген реакциядан тұрады. Ол 2018 жылы АҚШ жасөспірімдері арасында үлкен танымалдыққа ие болып, кейін бүкіл әлемге тарады. 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамтып отырған қосымшаның қызығына ересектер де кіріп кеткен. Тіпті, сол арқылы елге танылып, табыс тауып отырғандар бар.

[embed]https://www.tiktok.com/@homm9k/video/6921987808206900482?is_copy_url=0&is_from_webapp=v2&sender_device=pc&sender_web_id=6893095427906733569[/embed] Еліміздегі негізгі аудитория – 13 жастан 24 жасқа дейінгі қыздар.  Ең көп жазылушысы бар тиктокер – Алина есімді қыз. Оның @homm9k аккаунтында 10,1 миллионнан астам жазылушы бар. Парақшаны жас қыз атауына сай мұрнын қызартып, құлағын созып тышқан кейпінде жүргізеді. Ән мен биге толы бейнероликтер липсининг жанрында түсірілген. Яғни, өзге біреудің әнін қойып, өзі айтып тұрғандай кейіп танытады. Осы күнге дейін 124 миллион «лайк» жинаған. https://www.tiktok.com/@simbachka/video/6921298756755328257?is_copy_url=1&is_from_webapp=v2 Екінші орында – «Қош бол, Симбочка!» парақшасы.  @simbachka-ны Артем есімді жігіт мысығына арнаған. Симбочка көлік астына түсіп, қаза болған. Одан кейін басқа мысық асырап алса да, сол мысығын еске алу үшін толтырған.  Оның оқырманы 5,4 миллионға жеткен. [embed]https://www.tiktok.com/@kagiristwins/video/6919904067905015042?is_copy_url=0&is_from_webapp=v2&sender_device=pc&sender_web_id=6893095427906733569[/embed] @kagiristwins – Томирис пен Нарғыз есімді егіздер – елдегі танымал блогердің бірі. 4 миллиондай көрермені бар тиктокерлер өздерінің Instagram блогын, YouTube арнасын жүргізеді. [embed]https://www.tiktok.com/@sergei_03.04.851985/video/6920177351577849090?is_copy_url=0&is_from_webapp=v2&sender_device=pc&sender_web_id=6893095427906733569[/embed] – TikTok-тан ақша табуға болатынын білмеппін. Істеп те көрмеппін. Бұл жерде өзгеден гөрі өзімді жарнамалаймын. Жеткен жетістіктерін көрсете отырып, елді тамсандыратын бірден-бір платформа, – дейді алып күш иесі Сергей Цырульников. @sergei030485 парақшасында 3,2 миллион жазылушы бар.

Қазір елімізде мыңнан аса оқырманы бар 6 мыңдай тиктокер тіркелген. Ал оның 5,41 пайызының оқырманы 100 мыңнан асады. Міне, олар брендтермен тікелей жұмыс істеп, жарнама үшін табыс таба алады. Алайда елдегі TikTok-қа деген қызығушылық шетелдегідей қарқынды емес. Сол себепті қазақстандық тиктокердің парақшасында орта есеппен алғанда 171 видео ғана жүктелген. Соның 7,6 пайызының ғана жүктелген видеосы 500-ден асады.

   width= Ең қызығы, видео көп жүктеген сайын оқырманы да көбейе түседі екен. Жас айырмашылығына қарамастан кез келген адам TikTok-тың жұлдызына айнала алады. [embed]https://www.tiktok.com/@pekars_family/video/6913507922437868801?is_copy_url=0&is_from_webapp=v2&sender_device=pc&sender_web_id=6893095427906733569[/embed] Мәселен, петропавлдық Владимир Пекарскийдің қақаған аязда суға түсіп, су ішінде «Қара жорға» билеп, қымыз ішіп, елді саламатты өмір салтына шақырған видеосы әп-сәтте таралды. Бірнеше сағаттың ішінде 30 мың көрсетілім жинады. Алда Владимир су ішінде қымыз ғана емес, бешбармақ жейтінін айтты.

– Елімді мақтан етемін! Өзге ел қазақ жері барын біліп, құрмет тұтса екен. Сондықтан елімнің құндылықтарын дәріптеумен боламын, – дейді Владимир Пекарский. 

TikTok-қа әлемдік жұлдыздардың өздері жаппай тіркелуде. Рианна өзінің Fenty Beauty брендіне арнап, TikTok желісі ішінен түсірілім алаңын ашты. Онда әншінің табынушылары мен тыңдармандары поп-жұлдыз нарыққа шығарып жүрген косметикаларды тестілеуден өткізіп, оның жеке парақшасына видеоға түсе алады. Осы әлемдік трендтен тысқары қалмай келе жатқан отандық жұлдыздар да жетерлік. Атап айтсақ, Алтынай Жолдыбаева, Аша Матай, Айқын Төлепберген, Айдана Меденова, Салтанат Бақаева, Дана Есеева, Сая Оразғалива, Жәния Джуринская және тағы басқалары. Олардың айтуынша, TikTok – жарнамалық платформа. [caption id="attachment_106085" align="alignnone" width="1024"]TikTok ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Әнші Bonapart та жазып жатқан жаңа тректерін TikTok арқылы жарнамалайтынын жасырмайды. «Бұл – пиар жасаудың жақсы құралы. Шығармашылығымызды жарнамалаудың жаңа жолы деп қабылдауымыз керек. Мысалы, бұрын жаңа ән не болмаса бейнебаянымызды көбіне Instagram-нан тарататын болсақ, қазір TikTok болады. Шыны керек, оның мүмкіндігі өте көп. Пайдалана білсең болғаны. Мәселен, жаңа өлеңге би билеп те бере алады», – дейді ол. [caption id="attachment_106086" align="alignnone" width="1024"]TikTok ©сурет интереттен алынды[/caption]

Бір кездері Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» әні Үндістандағы TikTok-та хит болған жайы бар. Ол әнді үндістандық Muhammed Roshan есімді желі қолданушысы видео түсіріп жариялады. Кадрдан мотоциклмен жасалған трюкті көруге болады. Санаулы уақыт ішінде видео 4 мыңнан астам лүпіл жинап үлгерген. Бүгінде TikTok-та дәл осы әнге 26 мыңнан астам видео жарияланыпты. Басым көпшілігін үндістер түсірген. Кейбіреулері әннің сөзін қайталауға тырысса, енді бірі ән ырғағына билеуге тырысады.

ТМД елдерінің ең бай тиктокерлері қанша табыс табатынын ашық дереккөзден табуға болады.  width= Ал отандық тиктокерлер өздерінің қанша табыс табатынын ашып айтпады. [caption id="attachment_106087" align="alignnone" width="1024"]TikTok ©сурет интернеттен алынды[/caption]

Жамбыл облысының тумасы Әбдіқадір Наурызбек есімді шопан-тиктокер де нақты қанша табыс табатынын жасырып қалды. «Жарнама көп сала бермеймін, ақша керек кезде ғана қолдануым мүмкін. Қанша табыс табатыным құпия», – деп қана қайырды. Оның көрермендерінің басым бөлігі Қазақстан (40%) мен Ресейдің (45%) тұрғындары. Алайда осы арқылы табыс тауып отырғанын жасырмады.

Қазақстанда TikTok-тан ақша жасаудың әлі нақты формуласы жоқ. Әлеуметтік желінің бұл түрін қолданушылар саны әзірге Instagram желісі қолданушыларынан аз. Сондықтан жарнама берушілер қаржысын TikTok жұлдыздарына он ойланып барып салады. Мәселе кімнің қанша табатыны емес, TikTok-тың табыс көзіне айналу мүмкіндігі. Сондықтан «бап шаба ма, бақ шаба ма?» дегендей, TikTok-тың келесі жұлдызы кім болар екен?! Күтейік!