Күйеуі әйелін пышақтап тастаған жанжал 70 мың теңгенің жоғалуынан шыққан (видео)
Күйеуі әйелін пышақтап тастаған жанжал 70 мың теңгенің жоғалуынан шыққан (видео)
217
оқылды

«Отырар» телеарнасының хабарлауынша, Шымкентте қанды оқиғаға 70 мың теңге себеп болған.

Шымкентте ерлі-зайыптылардың ерегесі пышақтасумен аяқталды. Оқиға «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты пәтердің бірінде болған. Туыстарының айтуынша, 4 жылдан бері шаңырақ астында тұрып келе жатқан күйеуі мен әйелі жоқшылықтан жиі жанжалдасады екен. Ал бұл жолы екеуі де қанға боялып, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Қанды оқиға 23 желтоқсанда түс ауа болған. «Нұрсәт» ықшамауданындағы көпқабатты пәтердің біріне қоныстанғанына жарты жылдан асқан ерлі-зайыпты ерегесіп қалады.