Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған
Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған
137
оқылды
  Соңғы 10 жылда климаттың өзгеруіне байланысты табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмды. Марқұмдардың дені – табыс деңгейі орташа не төмен елдің азаматтары. Бұл туралы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі саммитте БҰҰ-ның бас хатшысы мәлімдеді. Антониу Гуттериштің айтуынша, соңғы жарты ғасырда әлемде 11 мыңға жуық табиғат апаты тіркеліпті. Олардан келтірілген материалдық шығын 3 жарым триллион доллардан асады. Ал алдағы 20 жылда климаттық дағдарыс шығыны 54 триллион долларға дейін жетуі мүмкін. "Жер бетіндегі әрбір үшінші адам табиғат апаттары туралы алдын ала ескерту жүйесімен қамтылмаған. Мәселен, дауыл не аптап ыстық жөнінде 24 сағат бұрын білсек, келтірілетін шығын 30 процентке кемитін еді. Сондықтан біз бірге әрекет етуіміз керек. Алдын ала ескертудің ортақ жаһандық жүйесі қажет",– БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш,