Тұрғындарды онлайн қабылдады
Тұрғындарды онлайн қабылдады
117
оқылды

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде об­лыстық мәслихат депутаты Азамат Бисенов облыс тұр­­ғындарын онлайн қа­был­дады.

Қабылдауға қосылған әрбір азамат назардан тыс қалмады. Олардың әрқайсысының сұ­рақ­тарына жеке-жеке жауап беріп, мәселелерді бақылауына алатынын айтты. Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мем­лекеттік қолдау, сондай-ақ жұ­мыспен қамту жөнінде толық анықтамалық түсініктеме берді. Әр мәселе бойынша істің барлық мән-жайы анықталды, қажет болған жағдайда мем­ле­кеттік құрылымдардан маман­дар тартылды. Мамандардың кеңесі немесе басқа ведомство­лардың жауаптары қажет бо­латын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өті­ніш берушілерге жіберілетін болады. Аталған аймақтың корона­вирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан об­лыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттарының қа­был­дауы бейнебайланыс не­месе телефон арқылы өткізі­летін болады.

Әбілмансұр ЖАСАН