Тальгодағы зорлық: Сот шешімі өзгерді
Тальгодағы зорлық: Сот шешімі өзгерді
5,172
оқылды

Қостанайдың №2 қалалық сотында «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды, – деп хабарлайды Наша Газета.

«Сот үкімімен пойыз жолсеріктері Қолқанат Құрманиязов пен Жетес Үмбетәлиев ҚР ҚК 120-бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді», – делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұл жолсеріктерге қатысты екінші сот үкімі. Бірінші үкім бұдан әлдеқайда жұмсақтау айтылған болатын. Естеріңізде болса, осы жылдың 26 шілдесі күні Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов сот үкімімен ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігіне сәйкес 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Еске салайық, 2018 жылдың қараша айында хардап шегуші «Тұлпар-Тальго» пойызының жолсеріктері зорлағанын айтып шағымданған. «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың Facebook парақшасында жазуынша, 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында бойжеткен «Тальго» пойызының купесіне отырады. Купе ішінде бір ер адам болған. Заттарын қойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келгнен кезінде купе ішінде арнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол алдындағы ер адамды басқа купеге ауыстырып жібергенін айтады. Жолаушы ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік шығып кеткенімен, таңғы сағат 04:00 шамасында купені өз кілтімен ашып кіреді. Мұнан соң арам ойын іске асырады. Ізінше екінші жолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған.

Оқиғаның мән-жайы жария болған соң, көпшілік 26 шілдедегі соттың жұмсақ үкіміне наразылық танытып, көлік прокуратурасы сот үкімінің заңдылығын зерделеуге шешім қабылдады.

Дина Смаилованың айтуынша, тергеу және жедел-іздестіру шаралары кезінде жәбірленуші тағы бір күйзелісті бастан кешкен, оған қысым көрсетілген. Ал, айыпталушылар жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын айтып, кінәсін толығымен жоққа шығарды.

Бұл жолы судья алдын келісу арқылы зорлау оқиғасы болғанын мойындады.

Дегенмен, бүгін шығарылған үкім заңды күшіне енген жоқ және оған 15 күн ішінде шағымдануға болады.