Атырау полициясы мотоцикл мінген браконьерлерді тікұшақпен қуып жете алмады
Атырау полициясы мотоцикл мінген браконьерлерді тікұшақпен қуып жете алмады
159
оқылды

Желіде Атыраулық браконьерлер түсірген видео жариялады. Онда Ми-8 тікұшағымен өздерін әуеде қуып келе жатқан полицияға жеткізбей кеткені көрсетіледі. Әлеуметтік желіде тараған кадрларға Атырау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, – деп хабарлайды azh.kz.

Департаменттің хабарлауынша, рейд кезінде су полициясы қызметкерлері тікұшақтан Еркінқалаға жақын маңдағы Каспий теңізінде заңсыз балық аулауға маманданған үш мотоциклдегі күдікті адамдарды байқады. Полиция қызметкерлері қуғын сәтсіз аяқталғанын мойындайды.

«Жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асатын тікұшақ үш ескі мотоциклді қуып жете алмағаны – жұмбақ болып қалды», – деп жазады газет.

https://youtu.be/rWBcqtlp1sw