Гонконгте полиция шерушілерге көз жасаурататын газ қолданды
Гонконгте полиция шерушілерге көз жасаурататын газ қолданды
206
оқылды

24.kz-тің жазуынша, Гонконгта ереуіл соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.

Жүздеген тұрғын ірі сауда орталықтарының алдында және көшеде заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастырған.

Полицейлер ереуілшілердің көлік қозғалысын қиындатқанын айтады. Сондықтан жиылған жұртты тарату үшін соңғы апталарда көз жасаурататын газ қолданған.

Еске сала кетейік, биыл маусымда экстрадициялау туралы заң жобасына байланысты Гонконгта жаппай ереуіл басталған болатын. Күзде билік оны кері қайтарғанымен, наразылық шаралары басылмай тұр.

Жарты жыл ішінде 900-ден аса ереуіл өткен. 6 мыңға тарта адам тұтқындалды.