Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтын ер адамды кездестіріп, ерекше әсер алғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Аман есімді азаматпен кездескен сәтін бөлісті. Оның айтуынша, ер адамның сырт келбеті марқұм жарының жас кезін есіне түсірген.
«Зәкеңе ұқсайтын Аман баурыммен кездесіп қалдық. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов Қазақстанның саяси өмірінде өзіндік орны бар мемлекет және қоғам қайраткері болды. Ол Алматы қаласының әкімі, сондай-ақ түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қарашада өмірден өтті.
