Халықаралық ауыр атлетика федерациясы ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимовтің допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша спорттан шеттеткен еді.
Нақтырақ айтсақ, ауыр атлетке зәр талдауын ауыстырған деген айып тағылған. Сол үшін еліміздегі ауыр атлетика федерациясы Ниджат Рахимовті қорғау үшін халықаралық білікті заңгер іздеп жатыр. «Халықаралық тестинг агенттігі (ITA) ұлттық құрама мүшесі Нижат Рахимовтің атына тағылған айыптарға байланысты спортшы федерацияға өзінің кінәсіздігін қорғауға ниет білдіріп, құқықтық қолдау көрсету туралы өтініш берді. ITA хабарламасына сәйкес атлет өзінің жазбаша түсініктемесін 1 ақпанға дейін ұсынуы қажет. Бұл ретте қосымша тәртіптік тыңдау сұралуы мүмкін, оның барысында спортшы өз дәлелдерін өзі айтуға мүмкіндігі болады» делінген федерация мәлімдемесінде. Сондай-ақ федерация Лозанна қаласының Халықаралық спорт төрелігін қоса алғанда барлық инстанцияда құқықтары мен мүдделерін қорғайтын халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті заңгерді тарту мәселесін қарастырып жатыр. «Допингке нөлдік төзімділік қағидатын ұстана отырып, федерация бұл істі объективті тергеуге мүдделі және істі қарау барысы туралы ақпарат береді» деген еді федерация.Айбике ЖАНАСЫЛ