Жайықта балықтың жаппай қырылуына кінәлі шенеуніктер 2 жарым жылға сотталды (видео)
Жайықта балықтың жаппай қырылуына кінәлі шенеуніктер 2 жарым жылға сотталды (видео)
191
оқылды

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, былтыр желтоқсанда Жайықта балықтардың жаппай қырылуына байланысты сот ісі Атырау қалалық №2 сотында өтті.

Сот процесі 5 шілдеден бері өтіп келеді. Сот алдына «Атырау су арнасы» мекемесінің бұрынғы директоры Руслан Құрметов, оның орынбасары және су тазалайтын станцияның басшысы келген.  ҚР ІІМ Тергеу бригадасының нұсқасы бойынша, «Атырау су арнасы» КММ Ақжайық өзеніне хлордың жоғары мөлшері бар суды ағызу арқылы балықтардың жаппай өлуіне себеп болған. 

Нәтижесінде, Руслан Құрметов ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігі («Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық»), 328-бабының 3-бөлігі («Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер») және 204-бабының 2-бөлігі («Аса ірі залал келтірген бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру») бойынша кінәлі деп танылып, жиынтығында 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.