Кәсіподақтар федерациясының мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті
Кәсіподақтар федерациясының мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары болып сайланған  кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында тұңғыш рет кәсіподақтың үш  көшбасшысы Парламент Мәжілісінің депутаты атанды.  Сайлау қорытындысы бойынша кәсіподақ мүшелерінің қатарынан 300-ге тарта  үміткер түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары болып сайланды. Жалпы партияішілік праймеризге ҚРКФ мен оның мүшелік ұйымдарынан  2700 кәсіподақ белсендісі қатысқан болатын. Ал сайлаудың барысын  7000-ға жуық кәсіподақ белсендісі тәуелсіз байқаушылар ретінде бақылады. Елордадағы Кәсіподақтар үйінде өткен кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Екатерина Смышляева, Мейрамбек Төлепберген және  ҚРКФ төрағасының орынбасары болған Ерлан Саиров шақырылды. Сонымен қатар кездесуге мәслихаттар депутаттары болып сайланған кәсіподақ өкілдері өңірлерден онлайн режимінде қосылды. Кездесу барысында ҚРКФ төрағасы кәсіподақтар атынан сайланған депутаттарға  2 млн-ға жуық кәсіподақ мүшесінің аманатын жеткізді.