"Восток" тобының әншісі қайтыс болды
"Восток" тобының әншісі қайтыс болды

Мәскеуде 90 жылдары танымал болған "Восток" тобының әншісі Натэлла Ас құпия жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлады 5-tv.ru.

Бірнеше күн бұрын 48 жастағы әншінің денесін Теплый Стан көшесіндегі үйлердің бірінің терезесінен құлаған жерінен өтіп бара жатқан адам тауып алған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын хабарлады.

Әйелдің қасынан құжаттары салынған сумка, кілт және телефон табылды. Алдын ала мәліметке қарағанда, Натэлла Ас балконнан құлап кеткен. Оқиғаға екінші қабатта болған ер адам куә болған. Достарының айтуынша, әнші ақша мен атағы жоқтығынан күйзеліске түскен. Дәрігерге қаралып, дәрі қабылдап жүрген. Дәрі әйелдің қасынан табылды. Әнші күйеуі және 15 жастағы баласымен бірге таныстарының пәтерінде тұрып келген. Пәтерге тек коммуналдық ақы төлеген. Біраз уақыт бұрын оны өлгелі жатқан жерінен күйеуі құтқарып қалған.