Ал Аргентина құрамасы ширек финалда Швейцариямен кездеседі.
Футбол сарапшысы: «Аргентина – Египет» матчында төрешілер әділ шешім шығарды
Фото: Elsa/Getty Images
123
оқылды

Мәскеудің ЦСКА клубының бұрынғы ойыншысы Александр Гришин 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Аргентина мен Египет құрамалары арасындағы матчта төрешілер бригадасының жұмысына баға берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Египет құрамасының ойыншылары эмоцияға ерік берді. Олардың төреші бүкіл ұлтты қорлады деп мәлімдеуі дұрыс емес. Төреші өз жұмысын атқарды, матчтағы төрелік қалыпты деңгейде болды», – деді футбол сарапшысы «Матч ТВ» телеарнасының эфирінде.

Еске салайық, Солтүстік Америкада өтіп жатқан әлем чемпионатында Египет құрамасы 1/8 финалда Аргентинадан 2:3 есебімен жеңіліп, турнирмен қоштасты.

Ал Аргентина құрамасы ширек финалда Швейцариямен кездеседі. Матч 12 шілде күні өтеді.