Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты
Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты
252
оқылды
ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қатаң карантиннің қайталану мүмкіндігіне қатысты сауалға жауап берді. 
«Егер ауруханалардағы төсек-орындар 70%-дан асса, денсаулық сақтау жүйесіне жоғары жүктеме түседі. Мұндай жағдайда карантин енгізіледі. Ол карантиннің қашан енгізілетінін ешкім нақты атай алмайды. Мұның бәрі өзіміздің қаншалықты вакцина алатынымызға байланысты», - деді Есмағамбетова брифингте.
Бұған дейін соңғы екі айда Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиялық жағдай нашарлағанын хабарлаған болатынбыз.